Қоғам • 25 Қараша, 2022

Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы артты

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) одан әрі дамытуға арналған іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркияның сыртқы істер министрлері және көлік мәселелеріне жауапты министрліктердің басшылары қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz

Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы артты

Ақтауда Әзербайжан, Қазақстан және Түркия сыртқы істер және көлік министрлерінің екінші үшжақты кездесуі өтіп жатыр. Кездесуге Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, сондай-ақ Грузия делегациясы да қатысуда.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүктерді тасымалдаудың бірнеше есе өскенін атап өтіп, аталған халықаралық маршруттың өткізу қабілетін кеңейту үшін Қазақстан тарапынан қабылданған шаралар туралы баяндады.

27 маусымда Бакуде министрлердің бірінші отырысы өтіп, оның барысында Баку декларациясы қабылданды. Құжат көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты көздейді. Ақтаудағы талқылаулардың негізгі тақырыптары үшжақты және аймақтық ынтымақтастықты кеңейту және Каспий теңізі арқылы өтетін Шығыс-Батыс Орта дәлізінің әлеуетін дамыту болады деп болжануда.